×

Шымкентте сот Қаңтар оқиғасында баласын атып өлтіргендерді жазалауды сұраған ата-ананы қамады

1 тамыз таңертең алаңға барған он шақты ата-ананы кешке полиция күштеп әкеткен

Шымкентте сот Қаңтар оқиғасында баласын атып өлтіргендерді жазалауды сұраған ата-ананы қамады
Азаттық радиосы

2 тамызда Шымкент қаласының әкімшілік соты сейсенбі қала әкімдігі алдындағы алаңға барып, Шымкенттегі Қаңтар оқиғасы кезінде балаларын атып өлтірген және атуға бұйрық бергендерді тауып, жазалауды сұраған Мұрат Әбдірайымовты (марқұм Нұрболат Алпамыстың әкесі) – он күнге, Әйкен Қалықұлованы (марқұм Бағлан Шәріпбайдың анасы) бес күнге қамауға қаулы шығарды. Сот оларды "бейбіт жиналыстарды өткізу тәртібін бұзды" (Әкімшілік кодекстің 488-бабы) деп айыптады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Азаттыққа сілтеме жасап.

1 тамыз таңертең алаңға барған он шақты ата-ананы кешке полиция күштеп әкеткен еді. Екі сағаттан кейін полиция оларды босатқан. Ата-аналар қала әкімдігінің алдында наразылықты жалғастырмақ болғанда оларды полиция қызметкерлері жеке-жеке алып, үйлеріне жеткізген. Мұрат Әбдірайымов пен Әйкен Қалықұлованы себебін түсіндірмей әкімшілік қамауға алынған адамдарға арналған қабылдау орнына әкелген.

Әбдірайымов пен Қалықұлованың тағылған айыпты мойындағаны, не мойындамағаны белгісіз.

1 тамыз күні наразылар Шымкенттегі Қаңтар оқиғасы кезінде балаларын атып өлтірген және атуға бұйрық бергендерді тауып, жазалауды сұраған. Оларға қала әкімдігінің қызметкерлері келіп, жиынға рұқсатсыз шыққандарын, тоқтатпаса әкімшілік шара қолданылатынын ескерткен. Бірақ наразылардың талаптарына жауап бермеген. Содан кейін жиналғандар ұстап шыққан плакатты жинап, марқұмдардың суретін қалдырған. Талаптары орындалмаса үш күн алаңда түнеп, әрі қарай Астанаға жолға шығып, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа баратынын мәлімдеген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →