×

Салымшылардан 215 млн теңге жинап алған қаржы пирамидасының басшысы сотталды

Оған 5 жылға инвестициялық қызметпен айналысуға тыйым салынды

Салымшылардан 215 млн теңге жинап алған қаржы пирамидасының басшысы сотталды
ашық дереккөзден

Астана қаласында қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша «Sincere Systems» ЖШС басшылығына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәлімттеріне қарағанда, аталған ЖШС 2020 жылдан бері жұмыс істеп келеді және криптовалюта биржаларымен ынтымақтасатын компанияның атын жамылып, азаматтардан қаражат жинап келді.

Салымшылардың санын көбейту үшін ойдан шығарылған жобаларға инвестиция салу мүмкіндігі қарастырылды.

Клиентті инвестицияның қауіпсіз екендігіне сендіру үшін ID беру арқылы клиенттің жеке кабинеті тіркелген, салымға тең виртуалды қаражатпен толықтыру мүмкіндігі бар веб-сайт құрылды.

Азаматтардан жиналған қаражат көлемі 215 млн теңгені құрады.

Сот үкімімен «Sincere Systems» ЖШС басшысы 5 жылға инвестициялық қызметпен айналысуға тыйым салынып, 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Рамазанова сотта Қуандық Бишімбаевтың құқығы шектелгенін айтты
Адвокат Игорь Вранчев жарыссөзде алқабилерге жүгінді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →