×

Қытайдан – 8,5 есе: жыл басынан бері Қазақстанға келген шетелдіктер үш есе артты

Отандық және шетелдік туристер санының артуына байланысты қонақүй қызметінің көлемі де артты

Қытайдан – 8,5 есе: жыл басынан бері Қазақстанға келген шетелдіктер үш есе артты
liter.kz

Қазақстандық қонақ үйлер биыл бірінші тоқсанда 43 млрд теңге табыс тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге көп. Салыстыру үшін: 2022 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанның орналастыру орындары 26,3 млрд теңгеге қызмет көрсетті. 2023 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында 228 мың шетелдік қонақ тұру орындарында болды», - делінген министрлік хабарламасында.

Жыл басында Қазақстандағы қонақүйлердің саны 4 мыңға, ал олардың жалпы сыйымдылығы 203 мыңнан астам төсек-орынға жеткен.

Грант-2023: Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің толық тізімі дайын

Отандық және шетелдік туристер санының артуына байланысты қонақүй қызметінің көлемі де артты. Мәселен, жыл басынан бері Қазақстанға келген шетелдіктер үш есе артты. Атап айтқанда, Қытайдан – 8,5 есе, Үндістаннан – 4,7 есе, Оңтүстік Кореядан – 3,8 есе, Ираннан – 3,8 есе, Германиядан – 3 есе, АҚШ-тан – 2,2 есе көбейді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Көлік салығы - 2026: 1 сәуірден кейін борышкерлерді не күтіп тұр
Кеше, 22:25

Көлік салығы - 2026: 1 сәуірден кейін борышкерлерді не күтіп тұр

Көлік салығы салық заңнамасында белгіленген салық мөлшерлемесіне сәйкес дербес есептеледі
Жастар мен жасөспірімдер интернеттегі ақпараттарға сыни көзбен қарауы тиіс
Марат Елеусізұлы балалармен подкаст форматында әңгіме өрбітіп, олардың қойған сұрақтарына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →