×

Прокуратура балалар лагерлеріндегі заң бұзушылықтар туралы хабарлады

22 лагердің 8-і заңсыз ұйымдастырылған

Прокуратура балалар лагерлеріндегі заң бұзушылықтар туралы хабарлады
Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Алматы облысында 22 балалар лагерінің 8-і өз қызметін уәкілетті органдардың рұқсатынсыз, санитарлық-эпидемиологиялық және өртке қарсы ережелерді бұзу арқылы жүзеге асырған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әрбір екінші балалар мекемесінің ойын және спорт алаңдарында қауіпсіздік талаптары сақталмағаны анықталды. Ескі жатын-орындары күрделі жөндеуді қажет етеді.

Бұл ретте, 4 балаға арналған бөлмелерде іс жүзінде 8 немесе одан да көп адам орналастырылған.

«Бәйтерек» (Қонаев қаласы) лагерінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың талаптарына қайшы, балалардың демалысы мен білім алуы дұрыс ұйымдастырылмаған. Қапшағай су қоймасында балалардың суға түсуі кезінде қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеген.

Оның үстіне, аталмыш лагерь директоры жұмыс орнында мас күйінде болған. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚБтК 440-бабы).

Тексеру қорытындылары бойынша балалар лагерлері әкімшілігінің кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру (ҚК 140-бабының 2-бөлігі) басталды.

Еске салайық, бұған дейін мемлекеттік бюджеттен 107 миллион теңге бөлінген 1150 балаға арналған балалар лагерінің сауна ғимаратынан ашылғаны белгілі болды. Алматы қаласының білім басқармасы балалар демалысын ұйымдастыру бойынша жауапсыз қызмет көрсетушілермен соттасатынын мәлімдеді. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті де Алматыдағы сауна ғимаратына орналастырылған балалар лагеріне қатысты түсініктеме берді. Сондай-ақ Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева соңғы күндері туындаған балалар лагеріне қатысты дау-дамайларға пікір білдірді. Ал депутат Нұргүл Тау лагерді ұйымдастыруға бюджеттен 107 млн теңге бөлінгенін айтты. Лагерге барамыз деп, саунадан бір-ақ шыққан балалардың ата-анасы мәлімдеме жасады.

Осыдан кейін Бас прокуратура елдегі барлық балалар лагерін тексеруге кірісті.

Тағы бір Алматы облысындағы балалар лагерлерінің біріне тегін жолдама берілген оқушылардың ата-аналары лагерьдің жағдайы мәз емес екенін айтып, шағымданды.

«Самұрық» балалар сауықтыру орталығында да бірқатар заңбұзушылық анықталды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бишімбаевтың ісі: келесі сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды
Бүгін, 12:30

Бишімбаевтың ісі: келесі сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды

Экс-министрге қатысты кезекті сот отырысы қашан өтеді
Оның өмір жолы – барша қазақстандықтар үшін үлгі
Бұл күні акцияға қатысушылар 200-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →