×

Бас прокуратура елдегі барлық балалар лагерін тексеруге кірісті

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде елімізде 848 лагерь жұмыс істейді

Бас прокуратура елдегі барлық балалар лагерін тексеруге кірісті
egemen.kz

Бас прокуратура балалар лагерлерін тексеруге кірісті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Алматы қаласының прокуратурасы "саунамен бір үй-жайда балалар лагерін" ұйымдастыру кезінде кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі өкілеттіктерді теріс пайдалану және міндеттерді орындамау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде елімізде 848 лагерь жұмыс істейді, оның ішінде 118 – мемлекеттік, 100 – жекеменшік, 630 – шатырлы.

Сондай-ақ, маусым айында 10216 мектеп жанындағы лагерь жұмыс істеді.

Жазғы кезеңді және балалардың құқықтарының ықтимал бұзылуын ескере отырып, Бас прокурордың тапсырмасы бойынша аумақтық прокурорлар уәкілетті органдармен бірлесіп мемлекеттік, жеке және шатырлы лагерьлердің қызметін тексеруге кірісті. Олар балалардың тұрмыс жағдайын, санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын, өрт қауіпсіздігін, азық-түлік пен медициналық көмекті тексермек.

2023 жылға арналған балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша қызметтерді сатып алу кезінде заңдылықты сақтау мәселелері зерттеліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін мемлекеттік бюджеттен 107 миллион теңге бөлінген 1150 балаға арналған балалар лагерінің сауна ғимаратынан ашылғаны белгілі болды.

Алматы қаласының білім басқармасы балалар демалысын ұйымдастыру бойынша жауапсыз қызмет көрсетушілермен соттасатынын мәлімдеді.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті де Алматыдағы сауна ғимаратына орналастырылған балалар лагеріне қатысты түсініктеме берді.

Сондай-ақ Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева соңғы күндері туындаған балалар лагеріне қатысты дау-дамайларға пікір білдірді.

Ал депутат Нұргүл Тау лагерді ұйымдастыруға бюджеттен 107 млн теңге бөлінгенін айтты.

Лагерге барамыз деп, саунадан бір-ақ шыққан балалардың ата-анасы мәлімдеме жасады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тамырдан жасалған туындылар шығысқа келген туристерді тамсандырды
Бүгін, 15:54

Тамырдан жасалған туындылар шығысқа келген туристерді тамсандырды

Туындыны жасауға 1 жылға жуық уақыты кеткен
Темір арба арнайы электр құрылғымен жабдықталған
Биылғы күзгі науқанда армияға 20 мынан астам қазақстандық шақырылды.
Концертті жергілікті және шетелден арнайы келген қонақтар тамашалауда

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →