×

“Қалайша?”: Зәкиева балалар лагеріне қатысты шуға пікір білдірді

Өткен айдан бері балалар лагерлеріне қатысты арыздар көп түсіп жатыр екен

“Қалайша?”: Зәкиева балалар лагеріне қатысты шуға пікір білдірді
Ашық дереккөздерден

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева соңғы күндері туындаған балалар лагеріне қатысты дау-дамайларға пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, өткен айдан бері балалар лагерлеріне қатысты арыздар көп түсіп жатыр екен. 

«Жалпы, Қазақстанда 120 мемлекеттік, 98 жеке меншік, 900 шатырлы және 9,5 мың мектеп жанындағы лагерь қызмет көрсетеді. Лагерь ашу үшін СЭС пен ТЖД-нен рұқсат қағазын алу қажет. Мүлдем талаптарға сай келмейтін мұндай жеке меншік ұйымдардың қалайша рұқсат алғаны сұрақ тудырады. Өйткені, СЭС рұқсат қағазынсыз жұмыс істеп жатқан лагерьлер анықталды», - дейді Динара Зәкиева.

Ол осы ретте конкурс өткізу рәсіміне қатысты сұрақ туындайтынын айтты. Бұл үшін жауапкершілікке тарту қажет деп санайтынын, тиісті сұрау салғанын да жеткізді. 

«Бұл – жүйелі мәселе. Бүгінде балаларға арналған ұйымдар жұмысының бірыңғай стандарт-талаптары, оларды заңнамалық тұрғыдан реттеу жоқ. Тексеріске мораторий тұр. Балабақшаларға, дамыту, түзету орталықтары сияқты түрлі мекемеге қатысты арыз, шағымдар көп түсіп жатыр. Осы мәселені шешу мақсатында мемлекеттік органдармен пысықтап жатқан нормалардың ішінде мораторийді алып тастау туралы, қызмет көрсетуге рұқсат беруді реттеу туралы және балаларға арналған барлық мекемеге бірыңғай стандарттар мен ережелер енгізу туралы норма бар. Бұл ұсыныстарды күзде Парламентке жібермекпіз», - дейді уәкіл

Мәселені шешу үшін нормалардың арасында осы баптарды алмақшы: 
- тексеруге МОРАТОРИЙДІ алып тастау;
- балаларға қызмет көрсететін барлық ұйымдар үшін ЛИЦЕНЗИЯЛАУДЫ енгізу. Бірыңғай талаптар, ережелер, стандарттар қажет. Әрине, бұл ретте ашықтық механизмдерін қарастыру маңызды. Аталмыш шаралардың қажеттілігі өте өткір тұр.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда лагерьге тегін жолдама алған «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санатындағы мектеп оқушылары сауна ғимаратына орналастырылғаны хабарланған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында
Мерекелік шаралар қаланың барлық аудандарында өтті
Іс-шараны Ресей Федерациясы қаржыландырады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →