×

Табиғатты қорғау қызметкерлерінің жалақысы 100 пайызға өсті

12 876 қызметкердің жалақысы көтеріледі

Табиғатты қорғау қызметкерлерінің жалақысы 100 пайызға өсті
gov.kz

Қазақстанның табиғатты қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысы көтерілді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

"Биылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанның табиғатты қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысына 100 пайыз үстемеақы қосылады. ҚР Үкіметі Мемлекет басшысының аталған салада еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында тиісті қаулы қабылдады. Құжатта адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жұмыс үшін қосымша ақы белгілеу көзделген", - делінген хабарламада.

Еңбек жағдайлары ерекше құрылымдар қатарына жануарлар дүниесін қорғау, орманды қорғау және қалпына келтіру, мемлекеттік орман қорғау және т.б. мамандандырылған ұйымдар жатады.

"Енді қызметкерлердің орташа жалақысы атқаратын қызметі мен жұмыс өтіліне байланысты 101 мыңнан 320 мың теңгеге дейін ұлғаяды. Жалпы, осы салада 12 876 қызметкердің жалақысы көтеріледі", - делінген хабарламада.

Бұл шара білікті кадрлардың тұрақтап қалуына және жалпы жұмыстың тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді деп күтіледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістанда биыл шаршы метрі 220 мың теңгеден 800 пәтер беріледі
Бүгін, 11:30

Түркістанда биыл шаршы метрі 220 мың теңгеден 800 пәтер беріледі

Салынып жатқан үйлердің құрлысы тамыз айында аяқталады деп жоспарланған
Маманның айтуынша, әлеуметтік тәуелділік дегеніміз дәл осы тұрақты жұмыстың болмауынан туындайды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →