×

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті сауна ғимаратына орналасқан балалар лагеріне қатысты түсініктеме берді

Оқиға орнында министрлік пен білім басқармасының өкілдері жұмыс істеп жатыр

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті сауна ғимаратына орналасқан балалар лагеріне қатысты түсініктеме берді
Коллаж: Qaz365.kz

Балалардың Құқықтарын Қорғау Комитеті Алматыдағы сауна ғимаратына орналастырылған балалар лагеріне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Құрметті ата-аналар!

Министрлік пен білім басқармасының өкілдері жағдай болған жерде жұмыс істеп жатыр

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетуді бақылау үшін дереу жедел мобильді топ құрылды.

Мүдделі мемлекеттік органдарға олардың құзыретіне сәйкес балалардың орталықта қауіпсіз болуы, сондай-ақ конкурстық рәсімдерді өткізуге, шарттық міндеттемелерді қабылдауға және орындауға қатысты мәселелер бойынша хаттар жіберілді​”, – делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, бұл мәселе толық шешілгенге дейін Комитет төрағасының жеке бақылауында болады.

“ҚР Оқу-ағарту министрлігі балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын ұйымдастыру бойынша шаралар кешенін қабылдаған болатын. Орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің, Республикалық балалар-жасөспірімдер туризмі және демалыс қауымдастығының төрағасының (2023 жылғы 21 сәуір Алматы қаласында) қатысуымен ұйымдастырушылық мәселелер қаралған бірқатар кеңестер өткізді.

«Қазақстан-бақытты балалық мекені!» 2023 жылғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын ұйымдастыру үшін тұжырымдама жасалып өңірлерге іске асыруға жолданды. Тұжырымдамада жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар, жазғы каникулдарды күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау аптаның бағыты, аптаның тақырыбы берілген. Жазғы демалысты дұрыс ұйымдастыру үшін ауысымды дамыту логикасын, оның даму кезеңдерінің әрқайсысында өз мақсаты мен міндетінің болуын болжайтын педагогикалық тұжырымдамаға бағытталған «Жаздық жолдама» жобасын іске асыратын орталықтардың (лагерьлердің) бірыңғай 10 күндік бағдарламасы жасалды.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы шеңберінде «Білім туралы» ҚРЗ 57-1-бабына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚРЗ өзгерістер енгізіледі. Осы нормаларды қабылдау демалыс пен сауықтыруды ұйымдастырудың электрондық тізілімін құруды және демалыс пен сауықтыруды ұйымдастыру қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді”, – делінген хабарламада.

Ведомствоның айтуынша, балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басты мақсатқа, сонымен қатар барлық шараларға қарамастан, орталық басшылығы тарапынан немқұрайлылық жіберілген.

Алматы қалалық білім басқармасының хабарлауынша, қызмет көрсетушімен келісімшартты бұзу мәселесі қарастырылуда. Алдағы уақытта балалар демалысын жалғастыру үшін басқа орталықтарға жіберіледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →