×

Грант - 2023: Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің толық тізімі

4 тамызда Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады

Грант - 2023: Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің толық тізімі
Ашық дереккөздерден

Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі  жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz

4 тамызда Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады.

Грантқа үміткерлердің өтінімдерін комиссия мүшелері қарайды. Оның құрамына министрліктің, мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы, бұқаралық ақпарат құралдары, Қазақстанның азаматтық альянсы және қоғамдық ұйым өкілдері кіреді. Талапкерлердің ҰБТ-да жинаған балдарына және бекітілген ережелерге сәйкес конкурстық негізде гранттар тағайындалады.

Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімін мына сілтеме бойынша көре аласыздар.

Айта кетейік, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, Ұлттық бірыңғай тестілеу басталғалы мектеп бітірушілердің 78%-ы шекті балл жинап, орташа балл 69-ды құраған. ҰБТ кезінде ең жоғары балл 137 болған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →