×

Аяқ киімге тапсырыс берген әйел “тосын сый” алды

Аяқ киімнің орнында өсімдік тектес ерекше иісі бар жасыл түсті зат болған

Аяқ киімге тапсырыс берген әйел “тосын сый” алды
Polisia.kz

Абай облысында аяқ киімге тапсырыс берген әйел “тосын сый” алды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2 желтоқсанда Үржар полиция бөлімінің “102” жедел арнасына 59 жастағы әйелден хабарлама келіп түсті. Ол 30 қараша күні бір жұп аяқ киімге тапсырыс бергенін, алайда сол күні тапсырысты алған кезде аяқ киімнің орнында өсімдік тектес ерекше иісі бар жасыл түсті зат болғанын хабарлайды.

Тәртіп сақшылары бірден жедел-іздестіру іс-шараларына кірісті. Одан соң қорапты алушы курьердің шатасып, аяқ киім салынған қорап келгенін айтып, полицияға хабар берген әйелмен сөйлескен.

Содан полиция қызметкерлері қаскөйдің ізіне түсіп үлгереді, нәтижесінде “ізін суытпай” сәлемдемені қабылдап алушыны анықтайды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері аудан орталығында 34 жастағы жұмыссыз ер адамды ұстаған. Кідіріссіз жеке тінту жүргізу барысында одан ерекше иісі бар өсімдік тектес заты бар скотчпен оралған картон қорап тәркіленді. Қаскөйдің үйін тінту барысында өсімдік тектес және ерекше иісі бар скотчпен оралған 4 ұқсас қорап табылып, тәркіленеді.

Сараптама көрсеткендей, зерттеуге ұсынылған зат салмағы 72 келіден асатын кептірілген марихуана екені анықталды. Қазіргі уақытта осы қылмысқа қатысы бар сыбайластарды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда Республика күніне орай "Дрондар шоуы" өтеді
Бүгін, 15:37

Алматыда Республика күніне орай "Дрондар шоуы" өтеді

Дрондар шоуы 25 қазанда Абай және Астана алаңдарында өтеді
Қазақстанда өндірілмейтін көкөністер мен жемістер қымбаттайды.
Журналист вице-премьерден қызметтегі амбициясы туралы сұрады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →