×

Қарағанды облысында үй өртеніп, алты адам қаза тапты

Сондай-ақ үш адам жарақат алған

Қарағанды облысында үй өртеніп, алты адам қаза тапты
фото: ТЖД-нен алынды

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 01.51-де Теміртау қаласы Ақтау кентіндегі 5 қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабар түскен, деп хабарлайды qaz365.kz  aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Өрт сөндіру бөлімі оқиға орнына 02.25-те жетті. 1-қабаттағы 3 бөлмелі пәтерде 40 шаршы метр аумақта өрт шыққанын анықтады.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін тұрғындар 5 адамның мәйітін (2007, 2010 ж.т. ұлдар, 1983, 1991 ж.т. әйелдер, 1991 ж.т.) кіреберістен көшеге алып шыққан.

Зардап шеккен адамдар жоғары қабаттағы пәтерлерден түтін басқан кіреберіс арқылы өз бетімен далаға шықпақ болған. Қою түтіннен тұрғындар далаға шығып үлгермеген.

Өрт сөндірушілер өртті сөндіру барысында 45 жастағы ер адамның (1977 ж.т.) мәйітін тапты. Сондай-ақ үш адам жарақат алған.

Өрт сөндірушілер баспалдақ пен тыныс алу аппаратының көмегімен түтін басқан пәтердің кіреберісінен 10 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарды. Өрт 03.10-да оқшауланып, 04.00-де сөндірілді. Полиция Қылмыстық кодекстің 292-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Өрттің мән-жайын зерделеу үшін оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов барды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады
Кеше, 09:37

Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады

Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды
Байжанов Бишімбаевтың жанында тұрып, телефонның ар жағындағы әңгімені естігенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →