×

Жылан шағып алған депутат қалай аман қалғанын айтты

Оқиға демалыс кезінде болған

Жылан шағып алған депутат қалай аман қалғанын айтты
inbusiness.kz

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанды жазғы каникулда жүргенде ауылдық жерде жылан шағып алғанын жазған едік. Qaz365.kz тілшісі депутатпен тілдесіп, жағдайын білді.  

Депутат жазғы каникулда отбасымен туған ауылы Жалаңаштың қасындағы Шет Меркі тауына қыдырып келген. Оқиға осы жерде болған. 

“Мен төрт балам, келіншегіммен өзіміздің туған ауылымыз Жалаңаштың жанындағы Шет Меркі тауына қыдырып келгенмін. Саумал ішіп, қазақ үйде демаулға келгенбіз. Біздің тауда негізі жылан болмайтын. Күнгей жағында бар, ал біз орманды жағында болдық. Барған күнімнің ертесі таңертең 8:30-да шомылуға бармақшы болдық. Көліктен заттарды алайын деп, есігін аша бергенімде аяғымнан шағып алды. Көліктің тура түбінде жатыр екен. Байқамай қалдым”, – дейді депутат.

Алғашқы көмекті 30 шақырым жердегі Жалаңаш ауылында алған. Одан кейін жедел жәрдеммен аудандық ауруханаға жеткізіп, жан сақтау бөліміне жатқызыпты. Сол жерде бір күн емделген соң, Алматыға алып келді. Алматыда төрт күн жан сақтау бөлімінде болып, кейін алты күн ауруханада ем алған.

“Жазым ғой. Бала-шағама ұрынбай, өзіме ұрынғанына тәубе еттім. Жыланның уы бірден көзге әсер етеді, бауырға әсер етеді, жүйке жүйелерін зақымдайды. Жүру қиындады. Алғашқы көмекті сәтті жасаған болып тұр ғой. Әйтпесе оның алдында қиын жағдайлар болған екен”, – деді ол.

Ол демалыста шетел араламай, туған ауылында демалатынын айтып өтті.

“Мен өзім шетел аралап, сауық-сайран салып жүретін адам емеспін. Мен әлімсақтан демалысымды туған елімде өткіземін. Ауылда туыс-туғандар, достар, сыныптастар бар. Ас бар, той бар. Сондай жағдайлармен жүремін”, – деді депутат.

Ол сөз соңында мықты иммунитеттің арқасында аман қалғанын айтты.

“Бұл дұшпаныңа да тілемейтін нәрсе. Ал, ары итеріп, бері жығып, хайп қуып, лайк жиып жүргендердің ниеттері өздеріне жолдас болсын!  Өздері сондай жағдайға түссе, жеңіп шыға ала ма? Бала-шағама ұрынбай маған тап болғанына ризамын! Менің иммунитетім мықты болды. Жас кезімнен спортпен айналыстым, қара жұмысты да істедім. Иммунитеттің мықтылығынан жеңіп шықтым”, – деп сөзін аяқтады депутат.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →