×

Конституциядағы Тұңғыш Президент туралы норма: заңның күшін жою үшін заң шығару керек

Бұл туралы ҚР Әділет министрі Қанат Мусин айтты

Конституциядағы Тұңғыш Президент туралы норма: заңның күшін жою үшін заң шығару керек
фото: ашық дереккөзден

Конституциядан Тұңғыш Президент туралы нормалар алынғаннан кейін ол заң іс жүзінде күшін жойды. Бұл туралы ҚР Әділет министрі Қанат Мусин айтты, деп хабарлайды qaz365.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін БАҚ өкілдері министрден «Тұңғыш Президент туралы заң қашан күшін жояды?» деп сұраған еді.

«Заң Парламентке енгізілгеннен кейін қаралады. Оның қашан енгізілетінін айта алмаймын. Заң туралы бастама көтеретін үш субъекті бар: Президент немесе Үкімет не Парламент депутаттарының өздері. Қазір жұмыс жасап жатырмыз. Ол заңнан басқа да заңдар бар. Халықтың әл-ауқатын көтеру керек. Ең бірінші қаралатын мәселе сол ғой. Уақыты келгенде қабылдаймыз. Конституциядан Тұңғыш Президент туралы нормалар алынғаннан кейін ол заң іс жүзінде күшін жойды. Сондықтан оны формалды түрде күші жойылды деп қаулы қабылдау үшін заң дайындау керек», - деді ол.

Сонымен қатар Қанат Мусин Конституцияға енгізілген өзгерістер толық күшіне енгенін атап өтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Миллиард теңгенің алаяқтығы: 290 адам бұл қылмыстың құрбаны болып танылды
Бүгін, 16:15

Миллиард теңгенің алаяқтығы: 290 адам бұл қылмыстың құрбаны болып танылды

Істе Алматы тұрғыны мен оның 12 туысы күдікке ілінген
Тінту барысында аса ірі мөлшердегі 5 келіден астам а-PVP есірткі заты тәркіленген
OpenAI, L.L.C. компаниясы шартты түрде ҚҚС төлеуші болды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →