×

Ақтөбеде телеарна қызметкерлері 89 миллион теңгені жымқырған

Сот үкімімен үш қызметкерге де 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды

Ақтөбеде телеарна қызметкерлері 89 миллион теңгені жымқырған
baq.kz

Ақтөбеде 89 млн теңге жымқырған телеарна қызметкерлері сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Іс материалына сүйенсек, 2018 жылдың ақпанынан 2021 жылдың желтоқсан айына дейін «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақтөбе филиалының бас есепшісі, сатып алу жөніндегі заңгері есепші бағдарламаларды түсіруге, іс-шараларды ұйымдастыруға, сурдоаударма жасауға, мерекелік бағдарламаларды өткізуге, дезинфекциялауға, декорацияға қажетті қызметтерді көрсетті деп жалған төлем операцияларын жасаған. 

Сот отырысы кезінде бас есепші мен заңгер өз кінәсін мойындамады, ал есепші ішінара мойындады.

Мемлекеттік айыптаушы бас есепші мен сатып алу жөніндегі заңгерді 8, ал есепшіні 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды, оларды өмір бойына коммерциялық және мемлекеттік ұйымдарда 10 жылға басшы лауазымдарды атқару құқығынан айыруды сұрады.

Сот үкімімен үш қызметкерге де 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Оның өмір жолы – барша қазақстандықтар үшін үлгі
Бұл күні акцияға қатысушылар 200-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды
Бишімбаевтың адвокаты журналистердің сұрақтарына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →