×

Қырғызстанмен шекарада жүк көліктері кептеліп тұр

Қазақстан тарабы күніне тек бес-алты көлік өткізіп жатыр

Қырғызстанмен шекарада жүк көліктері кептеліп тұр
Қырғызстан МҰҚК

22 тамызда Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы "Ақ тілек" өткізу бекетіндегі тас жолда жүк көліктері ұзын-сонар кезекке тұрып қалды. Жүргізушілер қазіргі уақытта шекарада 500-ден астам көлік кезекте тұр дейді. Олардың сөзінше, Қазақстан тарабы күніне тек бес-алты көлік өткізіп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Азаттыққа сілтеме жасап.

21 тамыз күні кешке Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі шекарада 370-ке жуық көлік тізіліп тұрғанын айтты.

Ведомствоның мәліметінше, 20 тамызда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Қазақстан тарабы тек үш автокөлікті өткізген. Қырғызстан шекара қызметінің өкілдері автокөліктерді баяу өткізу мәселесін анықтау үшін Қазақстан шекарашыларымен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Қазақстан қаржы министрлігінің баспасөз қызметі Азаттыққа көлік кептелісінің себебі кеден қызметінде емес деп айтты. Қазақстан ҰҚК шекара қызметі бұл оқиғаға әлі түсініктеме бермеді.

Шекарадағы жүк тасушы көліктердің кептілісі осыған дейін бірнеше рет тіркелген. Соңғы рет үлкен кезек маусым айында болды. Қырғызстан шекара қызметі кезектің көбеюіне ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының ұлғаюы себеп болды деген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →