×

Жамбыл облысының алты ауданында су тапшылығына байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды

Үкімет басшысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес, ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды

Жамбыл облысының алты ауданында су тапшылығына байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды
atpress.kz

Жамбыл облысының алты ауданында өңірлік ауқымда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Тұрар Рысқұлов және Талас аудандарының диқандары ауа райының қалыптан тыс ыстық болуы және су тапшылығы салдарынан шығынға батты.

"Осы себепті шаруалардың шығынын өтеуге Қазақстан үкіметінің төтенше резервінен қаражат бөлу мәселесі өз шешіліп жатыр", - деп мәлімдеді әкімдік.

Премьер-министрдің төрағалығымен өткен кеңесте облыс басшылығының бастамасымен өңірлік төтенше жағдай жариялау туралы мәселе көтерілген.

Үкімет басшысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес, ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.

"Жұмыс тобы егіс алқаптарын аралап, жергілікті жерлердегі жағдаймен танысып, шаруа қожалықтарымен кездесулер өткізді. Жан-жақты жұмыстар нәтижесінде үкіметке өңірлік сипаттағы төтенше жағдай жариялау және шаруа қожалықтарының шығындарын өтеуге қаржы бөлу туралы ұсыныс енгізіліп, қолдау тапты", – дейді ведомство.

Шаруа қожалықтарына келтірілген шығын көлемін анықтау шаралары вегетациялық кезең аяқталғанша нақтыланып, жақын күндері жарамсыз қалған аумақ пен шығын мөлшері түпкілікті айқындалады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
Кеше, 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →