×

Семейде Жотабаевты азаптады деп айыпталған полицейлер шартты жаза алды

Прокурор әрқайсысын алты жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын

Семейде Жотабаевты азаптады деп айыпталған полицейлер шартты жаза алды
Vlast.kz / Ақбота Узбекбай

Сәрсенбі күні Семейдің №2 соты 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде ұсталып, азаптаудан қайтыс болған қала тұрғыны Жандос Жотабаевтың өліміне қатысты полиция қызметкерлері Ерсұлтан Ағзамов пен Әлішер Қанақыновты кінәлі деп тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Олар төрт жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды, сонымен қатар олардан жәбірленуші тараптың пайдасына жалпы сомасы 4,5 миллион теңге өтемақы өндіру туралы шешім қабылданды.

«Сот Ерсұлтан Ағзамов пен Әлішер Қанақыновты Қылмыстық кодекстің 146 (Азаптау) баптың 2-бөлігі бойынша кінәлі деп тану туралы шешім қабылдады. Оларды үш жыл мерзімге мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып, әрқайсысы төрт жылға бас бостандығынан айырумен жазаланады. Қылмыстық кодекстің 6-бабы негізінде тағайындалған жаза шартты деп есептеледі», - деп үкімді оқыды судья Шымыров.

Сондай-ақ сот олардан 4 миллион теңге моральдық шығын мен 500 мың теңге материалдық шығын өндірді.

Бұған дейін прокурор әрқайсысын алты жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Кеше, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →