×

Шымкентте ер адам есірткі шекпе деп ақыл айтқан інісін өлтірген

Күдікті қызметтік иттің көмегімен ұсталды

Шымкентте ер адам есірткі шекпе деп ақыл айтқан інісін өлтірген
polisia.kz

Шымкентте інісін өлтірген күдікті қызметтік иттің көмегімен ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен демалыс күндері Еңбекші АПБ-ның "102" арнасына кісі өлімі туралы хабарлама келіп түскен. Шақырту бойынша жедел-тергеу тобымен бірге Шымкент қалалық ПД бастығының орынбасарлары Серік Ергешов пен Арман Бейсенбаев және аудан прокурорлары да шыққан.

"Мекенжайға жеткен полиция қызметкерлері үйдің ауласынан зорлық белгілері бар ер адамның өлі денесін тапқан. Жергілікті тұрғын отбасылық жанжал кезінде інісінің кеуде тұсынан ас үй пышағымен ұрып, белгісіз бағытқа қашып кеткен", - делінген хабарланған.

Полиция департаментінің бас жедел уәкілі Арман Бейсенбаевтың нұсқауымен криминалдық полицияның жедел уәкілі Құттыбек Оңалбеков пен кинолог Мейіржан Қасымбеков қызметтік итті ертіп, үй маңында орналасқан темір жол жақты іздеуге шыққан. Полиция иті Грей бірден ізді анықтап, тәртіп сақшыларын киімін ауыстырып үлгерген күдіктіге апарған.

Қызметкерлер ер адамды қамауға алды.

"Ағайындылар арасындағы жанжал марқұмның бауырына есірткіні қолдануды тоқтату керек деген ақылынан басталғаны белгілі болған. Бүгінде аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Тергеу амалдары аяқталғаннан кейін іс бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
Бүгін, 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →