×

Мемлекет басшысы Орталық Азия медиа форумының қатысушыларымен кездесті

Президент Орталық Азия медиа форумына қатысқаны үшін қонақтарға алғыс айтты

Мемлекет басшысы Орталық Азия медиа форумының қатысушыларымен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия медиа форумының қатысушыларымен кездесті, деп хабарлайды qaz365.kz akorda.kz-ке сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия медиа форумының қатысушылары – Түркияның бұрынғы президенті Абдулла Гүлмен, Моңғолияның бұрынғы президенті Намбарын Энхбаярмен және Қырғыз Республикасының мемлекеттік хатшысы Суйунбек Касмамбетовпен кездесті.

Мәртебелі меймандар Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасы Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, оның бастамасымен жүргізіліп жатқан реформалар мен саяси жаңғыруларға оң баға берді.

Президент Орталық Азия медиа форумына қатысқаны үшін қонақтарға алғыс айтып, елдеріміз арасында көпжақты ынтымақтастықтың дамуы бауырластық және достық қарым-қатынасты нығайта түсетініне сенім білдірді.

Кездесу барысында халықтарымыздың тарихи тамыры ортақ екеніне назар аударылды. Сондай-ақ олар мәдени-гуманитарлық және ғылыми салаларда бірлескен жобаларды іске асыру қажеттігі жөнінде пікір алмасты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов 2029 жылға дейін жалпы құны шамамен 7 трлн теңгелік 46 инвестициялық жобаның іске асырылып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылатынын айтты
Қырғызстанда қылмыс әлемінің серкесі болған Қамшы Көлбаевтің қылмыстық тобына қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматына іздестіру жарияланды
Дептутат Данияр Қасқарауов Премьер-министр Олжас Бектеновке сауал жолдап, әлі күнге шешімін таппаған Сорбұлақ мәселесін көтерді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →