×

Түркістандық әлеуметтік желі белсендісі әкім болып сайланды

Белсенді азамат қоғамдағы түрлі кемшіліктерді көтеріп, олардың шешілуіне үлес қосып келеді

Түркістандық әлеуметтік желі белсендісі әкім болып сайланды
фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желі белсендісі Асқар Айдарбеков Түлкібас ауданындағы Састөбе ауылының әкімі болып сайланды, деп хабарлайды qaz365.kz  Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Жексенбі күні өткен сайлауда дауыс берушілерге екі кандидат ұсынылды. Бірі – осы ауылдың бұған дейінгі әкімі Сұлтан Пайзалиев, екіншісі – Асқар Айдарбеков. Сайлаушылардың басым бөлігі Асқар Айдарбековты қолдап дауыс берген. Ал, бүгін аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Е. Қаратаев пен аудан әкімінің орынбасары Е. Орманов жаңа әкімге куәлігін табыс етті.

«Дауыс беру үш учаскеде өтті. Оның біреуінде қарсыласым басым түсті. Ал, қалған екеуінде мен жеңіске жеттім. Енді алда үлкен жұмыстар күтіп тұр. Сайлауалды бағдарламама сәйкес ауылды гүлдендіру мақсатында жұмыс істеймін. Сайлаушылардың маған артқан сенімін ақтау үшін аянбай тер төгіп, еліміздің өсіп-өркендеу жолында бар күш-жігерімді жұмсаймын!» - дейді ол.

Сайлауалды бағдарламасына сәйкес ауыл әкімі жаңа мектеп пен аурухана салу, қирап тұрған тұрғын үйлерді бұзу, көшелер мен жолдарды күтіп ұстау, елді мекендерді абаттандыру, санитарлық тазалықты қамтамасыз ету секілді жұмыстарды атқаруды жоспарлап отыр.

Айта кетсек, Асқар Айдарбековтың есімі көпшілікке әлеуметтік желі арқылы жақсы таныс. Белсенді азамат қоғамдағы түрлі кемшіліктерді көтеріп, олардың шешілуіне үлес қосып келеді. 2016-2021 жылдар аралығында Түлкібас аудандық мәслихаты VІ шақырылымының депутаты болды. Жеке компанияларда заңгер қызметін атқарды. Ш. Мұртаза атындағы қайырымдылық қордың менеджері болып еңбек етті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады
Кеше, 09:37

Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады

Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды
Байжанов Бишімбаевтың жанында тұрып, телефонның ар жағындағы әңгімені естігенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →