×

Министр Сәтқалиев 1 млн теңгеге кресло сатып алғанын мойындады

«LUX жоғары сапалы» креслоларды сатып алған

Министр Сәтқалиев 1 млн теңгеге кресло сатып алғанын мойындады
Ашық дереккөздерден

Алмасадам Сәтқалиев Энергетика министрлігінің не себепті 1 млн теңгеге кресло сатып алғанын түсіндіруге тырысты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Журналистер Үкімет кулуарында министрлік не себепті миллиондаған сомаға кресло сатып алғанын сұраған. Таяуда бұқаралық ақпарат құралдары «LUX жоғары сапалы» креслоларды сатып алу үшін министрлік 1,1 млн теңге жұмсағанын жарыса жазған.

«Мен бұл жерде қандай сенсация пайда болғанын білмеймін. Бір млн теңгеге орындығы қирап біткен қызметкерлерге 15 кресло сатып алынған. Сол ескірген орындықтарды ауыстырдық.  Сатып алынған әр креслоға 75 мың теңге төленген. Бұл жоспарлы шара болатын. Қызметкерлерімнің қосымша беріп жатқан мәліметі бойынша 9 жыл бойы пайдаланылған крселоларды жаңаладық. Бұл жай ғана қажеттілік», – дейді министр.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты
Бүгін, 14:57

Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты

Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандығын шектеу жазасын жеңілдетуге тырысып жатыр
FlyArystan әуе компаниясы қол жүгі 5 келіден асса не істеу керектігін түсіндірді
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы тауларындағы құрылыстар жөнінде депутаттардың сауалына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →