×

Астанаға көшіп келушілер санына шектеу қойыла ма

Бұл сауалға Тамара Дүйсенова жауап берді

Астанаға көшіп келушілер санына шектеу қойыла ма
коллаж Qaz365.kz

Астананың қоғамдық кеңесі қаланың 2035 жылға дейінгі кезеңге арналған бас жоспары жобасын талқылау кезінде халық саны мәселесін көтеріп, жақсы өмір сүру үшін аймақтардан астанаға көшіп келіп жатқандар көбейіп бара жатқанын сөз еткен еді. Осыған қатысты бүгін Үкімет отырысынан кейін вице-премьер Тамара Дүйсенова жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Астанаға келушілердің ешқайсысын шектеп, оларға тосқауыл болып жатқан жоқпыз. Қандай азамат болсын жұмысы табылып, өмір сүруге шамасы жетіп жатса, ешкі де кедергі болмайды», - деді Тамара Дүйсенова. 

Айта кетейік, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің комитет төрағасы Асқарбек Ертаев қазір Астанаға кімнің кіріп, кімнің кіре алмайтындығын анықтау бойынша миграция мәселесі талқыланып жатыр деген болатын. Бірақ демографтар миграцияны реттеуде халық санын шектеу адам құқықтарын таптаумен тең деп  келіспеген еді. 
Айтпақшы, бұл мәселеге қатысты қала әкімі Жеңіс Қасымбек те пікір білдірген болатын.

«Біз - унитарлы мемлекетпіз. Қазақстанның халқы басқа өңілерден көшіп келсе, онда ешқандай шектеу болмайды, болмайды да. Иә, соншама адам келіп жатыр. Сол азаматтарды қабылдау үшін Астанада сапалы инженерлік инфрақұрылымды және әлеуметтік инфрақұрылымды дайындау керек. Халық келіп жатыр, мектеп пен әлеуметтік нысандар жетіспейді. Жылу мен су мәселесі толығымен шешілген жоқ. Сондықтан дайындалуымыз керек», - деген еді Жеңіс Қасымбек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
Кеше, 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →