×

Алматы облысында жол үстінде көкпар тартқандар ұсталды

Көкпардың ұйымдастырушысы мен қатысушылары жауапқа тартылды

Алматы облысында жол үстінде көкпар тартқандар ұсталды
Видеодан кадр

Алматы облысында жол үстінде көкпар тартқандар ұсталды. Бұл туралы Алматы облыстық ПД басшысы Бауыржан Аленов мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz

Департамент басшысының мәліметінше, ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінде сағат 21:40-та Қонаев қаласындағы «Береке» кафесінің жанындағы Алматы-Өскемен Республикалық маңызы бар автожолының бойында, бір топ адам көкпар ойының өткізгені туралы хабарлама келіп түсті.

«02.09.2023 жылы 1979 ж.т. азамат, балаларының туған күніне орай, Қонаев қаланың шетінде «Көкпар» ұлттық спорттық іс-шарасын ұйымдастырып, оған басқа аудандардың спортшылары қатысқаны анықталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері іс-шараның ұйымдастырушысы мен қатысушыларын Қонаев қалалық ПБ-на жеткізді», – деді Бауыржан Аленов.

Көкпарға қатысқан барлық адамдар Р ӘҚБтК-нің 434, 406, 590-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты
Бүгін, 14:57

Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты

Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандығын шектеу жазасын жеңілдетуге тырысып жатыр
FlyArystan әуе компаниясы қол жүгі 5 келіден асса не істеу керектігін түсіндірді
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы тауларындағы құрылыстар жөнінде депутаттардың сауалына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →