×

Қызылорда облысында төрт ауылда әкім сайлауы өтіп жатыр

Ауыл әкімі болуға ниетті барлығы 12 кандидат сайлауға түсті

Қызылорда облысында төрт ауылда әкім сайлауы өтіп жатыр
Ашық дереккөздерден

Қызылорда облысында төрт ауылда әкім сайлауы өтіп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Саяси маңызды шара ҚР «Сайлау туралы конституциялық» Заңына сәйкес өткізіліп жатыр. Сағат 7.00-ден бастап Арал ауданының Жетес би, Қазалы ауданының Көларық, Қызылқұм, Бірлік ауылдарында орналасқан №16, 74, 78, 79, 80 сайлау учаскелері ашылды.

Аталған шараға ерте келген аралдық қария Ермек Ақмырзаев:

«Осы ауылдың тұрғыны ғана емес, жанашыр ақсақалы ретінде ауыл әкімдерінің сайлауына ерекше мән береміз. Президент бастамасымен ауыл әкімдерін тікелей сайлауға мүмкіндік туды. Дұрыс болды. Іскер, белсенді азаматтың ауыл әкімі болғанын қалаймыз. Сол үшін де таң сәріден ерте тұрып дауыс беруге асықтым», - дейді.

Арал ауданы Жетес би ауылдық округінде 341 сайлаушы тіркелсе, Көларық ауылында 902, Қызылқұм округінде 737, Бірлік ауылында 395 сайлаушы бар.

Ауыл әкімі болуға ниетті барлығы 12 кандидат сайлауға түсті. Әрбір округте 3 азамат кандидат ретінде бақ сынап жатыр.

Саяси науқанға қатысып, алғаш рет дауыс беру құқығына ие болған Бірлік ауылының жас сайлаушысы Дамир Шынтемір әсерімен бөлісті.

«Бүгін мен үшін маңызды күн, тұңғыш рет дауыс беруге келдім. Ел болашағы үшін ауылдың келешегін ойлайтын азаматқа өз дауысымды бердім. Меніңше, сайланатын жаңа әкім ауылымызды көркейтуге бар күшін-жігерін жұмсап, нағыз өзекті мәселелерді шешуге ықпал етеді деп ойлаймын», - деді ол.

Еске салайық, жыл басынан бері Қызылорда өңірінде 17 ауылдың әкімі сайланды. Ал, жыл соңына дейін аймақта тағы 12 ауыл әкімінің сайлауы өткізіледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
1 мамырдан бастап Қазақстан әуежайларында авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Кеше, 19:13

1 мамырдан бастап Қазақстан әуежайларында авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Осыған байланысты жолаушылар әуежайларға ертерек келуі керек
Еріктілерді, азаматтық белсенділерді, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерін және басқаларды
Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен  бейбітшіліктің символы саналатын мерейлі мереке
Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →