×

«Жақсылықтың аманаты» жалғасын табады

Чемпионның аманатын ары қарай дамыту мақсатында форум өтпек   

«Жақсылықтың аманаты» жалғасын табады
olympic.kz

Грек-рим күресiнен тұңғыш Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы, марқұм Жақсылық Үшкемпіровтің «5 мың кәсіпкер 5 мың ауылды көтеру» бастамасы жалғасады. Чемпионның аманатын ауылдан шыққан азаматтар қайтадан қолға алды. Үшкемпіров ел тізгінін ұстаған азаматтар туып-өскен ауылын дамытуды мақсат тұту керек деген еді. «Жақсылықтың аманатын» арқалағандар бұл жолы Таскескенде ауыл қақпасы мен бәйге алаңын салды. Шолпан, Қарақол ауылдары үшін де өзекті ауыз су проблемасын үкіметсіз шешпек, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Азаттыққа сілтеме жасап.

«10 мың адамның басын қосудағы мақсат – елдің еңсесін көтеру, бірлігін арттыру және өзге де кәсіпкерлердің назарын ауыл-аймақтардың қордаланып қалған мәселелерін шешуге бұру болатын. Жергілікті билік өкілдері ауыл ішіндегі бес көшенің жөндеу жұмыстарын күрт қолға алып, республикалық маңызы бар Үшарал тасжолы, Семей жақтан келетін тағы бірқатар жолды мерзімінен бұрын ашып қуантқан. Ел біздікі, бәрін биліктен күтіп, иек артып отыра бермей, мен-мен деген кәсіпкерлер жұмыла кірісіп, әрқайсымыз өз ауылымыздың кем дегенде бір мәселесін шешуге атсалыссақ деген тілегім бар», – дейді таскескендік Талғат Сақан.

Чемпионның аманатын ары қарай дамыту мақсатында форум өтпек. Форум тақырыбы «Бес мың ауыл – бес мың кәсіпкер: Жақсылықтың аманаты» деп аталады. Мұнда елге жанашыр кәсіпкерлердің басы қосылмақ.

«Жоба аясында кәсіпкерлерді барынша өз ауылдарын көтеруге ат салысуға шақыру мақсатымен Президентімізге шақырту жіберіп, ол кісінің қатысуымен бизнес-форум өткізу ниетіміз бар. Оған еліміздің белді де беделді бизнесмендерін, кәсіпкерлерді шақырмақшымыз. Қазақтың 5 мың жігіті болып 5 мың ауылды көтерейік деген бастаманы Парламент депутаттары Нұртай Сабильянов, Дәулет Тұрлыханов ағаларымыз қолдап жатыр. Жақсылық ағамыздың кезінде айтқан бұл жүрекжарды арман-тілегі мемлекет тарапынан қолдау тауып, Ұлттық идея деңгейіне көтерілуге лайықты бастама деп білеміз. Оның үстіне қазіргі таңда Президентіміздің бастамасымен «Ауыл – Ел бесігі» деген бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Бұл идея жүзеге асырылса, ауылдарымыз гүлденіп, еліміз өркендейді. Бір ауылды бір кәсіпкер көтере алатынына мысалдар көп. Басқа елдердің тарихында да ондай дәлелдер жеткілікті. Солардың тәжірибесін пайдаланып, барлық ауылды көтерейік», – дейді ол.

Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің аманатыy ұлттық идея деңгейіне көтеру керек деп санайды ол. Аталған шараны насихаттау барысында елге еңбегі сіңген қайтаркерлер,  өнер,  мәдениет саласының адамдары да шақырылып, қазақтың айтыс өнері мен ұлттық ойындары насихатталды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →