×

Алдағы күндері 35 градусқа дейін аяз болады

Синоптиктер 22-24 желтоқсанында қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты

Алдағы күндері 35 градусқа дейін аяз болады
фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер 22-24 желтоқсанында қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты. Болжам бойынша, республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, алдағы үш тәулікте еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ, бұрқасын болып, жел екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.

"Синоптикалық процестердің жылдам өзгеруі ауа температурасының күрт секіруіне ықпал етеді. Дәлірек айтқанда елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасының ауытқуы 23 желтоқсанға қараған түні -20 ... -35 ° C-қа дейін төмендейді. 24 желтоқсанда түнде -5 ..-20°C дейін көтеріледі", - делінген хабарламада.

Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде, болжам бойынша, ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.

Telegram

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"Жетімдерін жылатқан": Қызылорда облысында 154 жетім баланың құқықығы бұзылған
Кеше, 13:00

"Жетімдерін жылатқан": Қызылорда облысында 154 жетім баланың құқықығы бұзылған

Жетім жəне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету заңдылықтары бұзылған
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Starlink компаниясы ресми құжатқа қол қойды
Олардан 15 кг-дан астам «мефедрон» психотропты заты мен 650 литр прекурсор тәркіленген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →