Ескерткіш Батыс Еуропа - Батыс Қытай автомобиль дәлізінің бойында орналасқан
Бүгін Жамбыл облысының Меркі ауданында қазақтың соңғы ханы саналатын Кенесары Қасымұлының ескерткіші ашылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл өңірде Хан Кененің ескерткішін тұрғызу бес жылдан бері айтылып келе жатқан. Негізі сол тұста ескерткіш тұрғызылған. Бірақ сәтсіз болып, жергілікті билік биыл алып тастаған. Енді, міне, қайтадан жаңартылып ашылды. Ескерткіш Батыс Еуропа - Батыс Қытай автомобиль дәлізінің бойында орналасқан.
Журналист Серік Жолдасбайдың айтуынша, облыстың бұрынғы әкімі Нұржан Нұржігітов ашылу салтанатына баруға уәде берген. Бірақ ол қызметінен кетіп қалды. Енді жаңа әкім Ербол Қарашөкеев келмеді. Ол қазіргі кезде Астана қаласында жүр. Бүгін елордада Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр.
Сондықтан ескерткішті ашуға әкімдіктен аппарат басшысы Мәди Мәтен Хан Кененің ұрпағы Рахмаділдә Сегізбайұлы қатысты.