×

АрселорМиттал Теміртау ресейлік компанияға сатыла ма – Скляр жауап берді

Оның айтуынша, еңбек қауіпсіздігіне ерекше назар аударатын инвесторларға басымдық беріледі

 

АрселорМиттал Теміртау ресейлік компанияға сатыла ма – Скляр жауап берді
АрселорМиттал

Бірінші вице-премьер Роман Скляр «АрселорМиттал Теміртауды» ресейлік компанияға сататыны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Ол ондай қауесетке сенбеу керектігін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Жоқ, мүлдем олай емес. Ресейлік компаниялармен келіссөз жүргізіліп жатқан жоқ.  Шынында да, «АрселорМиттал Теміртаудың» жөндеу және инвестициялау бойынша мерзімі өткен міндеттемелері бар. Болып жатқан қайғылы оқиғалар бізді алаңдатпауы мүмкін емес. Қазіргі кезде  тиімді инвестиция сала алатын басқа инвесторларды тарту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», - дейді Роман Скляр.

Оның айтуынша, еңбек қауіпсіздігіне ерекше назар аударатын инвесторларға басымдық беріледі.

Скляр ресейлік компаниямен келіссөз жүргізіп жатқан жоқпыз дейді.

Бұған дейін АрселорМитталдың Қазақстандағы активтерін ресейлік «Северсталь» иеленуі мүмкін деген ақпарат тараған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Қазақстан құрамасы Азия ойындарының алғашқы алтынын алды
Кеше, 10:21

Қазақстан құрамасы Азия ойындарының алғашқы алтынын алды

Құрама сапында Зоя Кравченко, Әсем Орынбай, Ольга Панарина өнер көрсетті
Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаменті хабарлады
Әкімдік бағаны ұстап тұру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр дейді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →