×

Талдықорғандағы Журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімі берілді

«Жетісу» телеарнасы 1999 жылы 28 сәуірде Алматы қаласында құрылды

Талдықорғандағы Журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімі берілді
фото: qaz365.kz

Талдықорғандағы Журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімі берілді, деп хабарлайды qaz365.kz

Естеріңізге сала кетсек, Парламент Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан республикалық «Ана тілі» газетіне басшылық еткен тұста Амандық Баталовқа Талдықорғандағы Журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімін беру туралы ұсыныс айтқан болатын.

Бұл бастамаға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдау білдірген болатын.

«Жетісудан шыққан азаматтар тәуелсіздік кезеңінде елімізді дамытуға зор үлес қосты. Соның ішінде белгілі журналист, қоғам қайраткері Бейсен Құранбекті баршаңыз жақсы білесіздер. Оның әзірлеген хабарлары көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Бейсен Құранбек Жетісу телеарнасында біраз жыл табысты қызмет атқарды. Оның азаматтығы, ұлтжандылығы және отаншылдығы, еңбекқорлығы қалың жұртқа танымал. Өкінішке қарай, дарынды азамат ортамыздан ерте кетті. Мен Талдықорғандағы Журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімін беру туралы ұсыныс айтылып жүргенін білемін. Бұл – Жетісу жұртшылығының, сондай-ақ барша журналистер қауымының, қалың көрерменнің және жалпы халықтың қалауы. Сондықтан бастаманы қолдау қажет деп санаймын», – деді Президент.

«Жетісу» телеарнасы 1999 жылы 28 сәуірде Алматы қаласында құрылды. Бастапқыда телеарнаның өз алдына жеке хабар тарату сигналы болмады. «Қазақстан» ұлттық арнасының эфирі арқылы аптасына бір сағат хабар таратты. 2003 жылы 19 мамырда лицензиясын алып, дербес эфирге шықты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Байжановтың телефонынан Бишімбаевтың "өсиеті" табылды
Кеше, 17:27

Байжановтың телефонынан Бишімбаевтың "өсиеті" табылды

Бишімбаев алдымен мұндай бейне туралы білмейтінін мәлімдеді
Мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапары барысында су тасқыны салдарын еңсеруге жәрдемдескен бизнес өкілдерімен және еріктілермен жүздескен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →