×

Желтоқсаншыларды “лаңкеске” теңеген шенеунік қызметінен шеттетілді

Бұл туралы журналист Жеңіс Оспанов өзінің фб парақшасында  жазды

Желтоқсаншыларды “лаңкеске” теңеген шенеунік қызметінен шеттетілді

Желтоқсаншыларды “лаңкеске” теңеген шенеунік қызметінен шеттетілді. Бұл туралы журналист Жеңіс Оспанов өзінің фб парақшасында  жазды, деп хабарлайды qaz365.kz “Адырна” ұлттық порталына сілтеме жасап.
 

“Биыл 15 желтоқсанда «Аманат» партиясының Ақмола облыстық филиалына Ж.Ж.Каймрденовтен Сандықтау аудандық «Аманат» партиясының атқарушы хатшысы Л.Ловягинаның 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушылардың атына жағымсыз пікірлер айтқандығы туралы жазбаша арыз келіп түсті.


19 желтоқсанда облыстық партия филиалының партиялық бақылау комиссиясы қызметтік тексеру жүргізу үшін Сандықтау ауданына барды. 22 желтоқсанда партия филиалының Саяси кеңесінің бюросында қызметтік тексеру нәтижелері шығып, Л.А. Ловягина атқарып отырған қызметінен босатылды. "Аманат" партиясының Ақмола облыстық филиалы - деп жазыпты.

Кешегі жазған жанайқаймыз жоғарғы тарапқа жетті. Ақмола облысының Сандықтау ауданындағы "Аманат" партиясының филиал басшысы Л.А. Ловягина қызметінен кетіп, кешірім сұрады. Қазақ ешқашан лаңкес болмаған. Біздің өз еліміз, Президентіміз, Заңымыз Тәуелсіз мемлекетіміз бар. Оны қорғаймыз да, қолдаймыз да!!!”,- деп жазды журналист.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Әр өңірден наразылық хаттары келіп жатыр: ҚМДБ Жанат Бақыттың айтқанына қатысты мәлімдеме жасады
Кеше, 21:57

Әр өңірден наразылық хаттары келіп жатыр: ҚМДБ Жанат Бақыттың айтқанына қатысты мәлімдеме жасады

Алла тағала туралы айтқан ауыр сөздері мұсылмандар арасында түсініспеушілік тудырды
2017 жылы АҚШ-та Toyota RAV4 сатылым бойынша Camry-ді басып озды
23 наурызда жылу орталығында жарылыс болды
Богдан Гринишинді өзінен үлкен  сарбаз аяусыз соққыға жыққан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →