×

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетіне Өзбекәлі Жәнібековтің есімі беріледі

Қаулы жобасы 9 қаңтарға дейін қоғам талқысына ұсынылған

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетіне Өзбекәлі Жәнібековтің есімі беріледі
Фото: otyrar.kz

ҚР Үкіметі Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне Өзбекәлі Жәнібековтің есімін беруді жоспарлап отыр. Үкімет қаулысының жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды qaz365.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Қаулы жобасы 6 желтоқсанда өткен Үкімет жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысына сәйкес әзірленген.

Сондай-ақ, дәл осы қаулы аясында Қостанай облысындағы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің атауына түзету енгізу көзделген. Түзету Алаш көсемінің есіміне қатысты. Сәйкесінше, қаулы қабылданса, оқу орны енді Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті болып аталады.

Қаулы жобасы 9 қаңтарға дейін қоғам талқысына ұсынылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Кеше, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →