×

Ағасының малын баққан апалы-сіңліге көмектескен сыныптасына баспана беріледі

Бұл туралы блогер Ильяс Сариев хабарлады

Ағасының малын баққан апалы-сіңліге көмектескен сыныптасына баспана беріледі
Qaz365.kz коллажы

Түркістан облысында ұзақ уақыт бойы ағасының малын баққан  апалы-сіңілі қыздардың жағдайы туралы бірінші дабыл қаққан сыныптасына үй берілді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Назгүл мен Құндыз туралы алғаш хабарлап, халықтан көмек сұраған сыныптасы Пернебекке "Елге көмек» қайырымдылық қоры баспана сыйлады. Бұл туралы блогер Ильяс Сариев Instagram парақшасында хабарлады. 

"Құндыз бен Назгүлдің жағдайын халыққа жеткізген сыныптасы Пернебекке Алланың қалауымен "Елге көмек" қайырымдылық қорының атынан баспана берілді", - дейді Ильяс Сариев. 

Айта кетейік, Түркістан облысында апалы-сіңілі қыздар ұзақ уақыт бойы ағасының малын бағып, нашар жағдайда өмір сүріп келген. Сыныптастары Гүлсімжан Әділжанова мен Айша Мұстафина 11 жыл бір партада отырған сыныптастарының жай-күйіне алаңдап, "Көреміз" бағдарламасына жүгінген. Ильяс Сариев апалы-сіңілі қыздардың жағдайын халыққа жеткізген сыныптастарына Меккеге жолдама сыйлады.

Сондай-ақ, "Елге көмек» қайырымдылық қоры атынан Назгүл мен Құндызға Алматы облысынан үй берілетіні де айтылған еді. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →