×

Комиссия «Қазақстан» шахтасындағы апатқа жұмыс берушінің 100% кінәлі екенін анықтады

Комиссия жұмысының нәтижелері бойынша жұмыс берушінің 100% кінәсі айқындалып, заңнаманы бұзуға жол берген 28 жауапты тұлға анықталған

Комиссия «Қазақстан» шахтасындағы апатқа жұмыс берушінің 100% кінәлі екенін анықтады
ТЖМ

Қарағанды облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ТЖ министрі Сырым Шәріпханов «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасында болған апат және жұмыскерлердің қаза болу себептерін тергеу жөніндегі үкіметтік комиссия жұмысының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Комиссия жұмысының нәтижелері бойынша жұмыс берушінің 100% кінәсі айқындалып, заңнаманы бұзуға жол берген 28 жауапты тұлға анықталған. 

Комиссия апат кезінде пайдаланылған техникалық құрылғылар мен жабдықтарға бірқатар арнайы сараптама жүргізді. Сонымен қатар өрттің пайда болуының және таралуының техникалық себептерін анықтау үшін өрт-техникалық сараптама жүргізілді.

“Сараптама қорытындысына сәйкес комиссия апат пен топтық жазатайым оқиғаның негізгі себептерін анықтады:

Біріншіден, көмір конвейеріндегі өрт конвейердің кептелген және бекітілген ролигіндегі таспа төсемінің үйкелуіне байланысты болды.

Екіншіден, шахтаның инженер-техникалық құрамы тарапынан өндірістік бақылаудың болмауы. Сонымен қатар, қауіпсіздік техникасының сақталмауы және энергия-механикалық қызмет бақылауының әлсіздігі анықталды.

Үшіншіден, қауіпсіздік талаптарын және техникалық реттеу нормаларын бұзу. Бұл сәйкестік сертификатынсыз таспалы кенептің жұмысы.

Соңғысы, жұмыс аймағының тозаңдылығы және жану өнімдері мен тау-кен қазбаларынан болған ауа газдылығы қызметкерлердің өліміне әкеп соқты”, - деп Сырым Шәріпханов хабарлады.

Еске сала кетейік, 17 тамыз күні таңертең «Қазақстан» шахтасында конвейер өртеніп, 227 адам жер астында қалып қойды. Кейін 222 кенші эвакуацияланып, 5 адам қайтыс болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
Бүгін, 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →