×

Kaspi Bank-те адамдарды кепілге алған жігітке сот үкімі шықты

Сотталушы Алихан Мурадов өз кінәсін толық мойындап, қандай жаза болса да дайын екенін айтты

Kaspi Bank-те адамдарды кепілге алған жігітке сот үкімі шықты
Qaz365.kz

Kaspi Bank-тің бөлімшесіне шабуылдаған Алихан Мурадов 7 жыл 6 айға сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сотталушы Алихан Мурадов өз кінәсін толық мойындады, ол жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі мекемеде өтейді. 

Еске сала кетейік, 18 маусымда Астанадағы Kaspi банкі ғимаратында қарулы ер адам тұрғындарды кепілге алған еді.  Ол банк активтерін аз қамтылған және мүгедек балаларға көмек көрсету қорына аударуды талап етті. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері бөлімшеге шабуыл жасап, банк қызметкерлерін босатты.

Айыпталушы сот процесі кезінде қандай жаза болса да дайын екенін және кітап жазып жатқанын айқан еді.  

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →