×

Тәуелсіздігін сақтап, ешкіммен жанжалдаспайтыны ұнайды – Собчак Тоқаев жайлы

Ресейлік журналист Қазақстанның қазіргі және бұрынғы президенті туралы пікір білдірді

Тәуелсіздігін сақтап, ешкіммен жанжалдаспайтыны ұнайды – Собчак Тоқаев жайлы
Qaz365.kz

Ресейлік журналист Ксения Собчак Динара Сәтжанға берген сұхбатында Қазақстанның қазіргі және бұрынғы президенті туралы әзіл-шыны аралас пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сұхбат барысында әңгіме аяқ астынан президент Тоқаев туралы өрбіген. Собчак Қазақстандағы жаңалықтарды жіті бақылап отырмағанын айтады. Алайда былтыр Санкт-Петербургте Ресей президенті Путиннің алдында Тоқаевтың «ДХР» мен «ЛХР»-ді квазимемлекет деп атағанын, оны Қазақстанның мойындамайтынын айтқанын еске алады.

«Қазір сіздердің президенттеріңіз мықты. Саяси жарнама жасағаным болмасын, мен Қазақстанда болып жатқан жайттардан хабарым аз. Оның (Тоқаев) дипломатиялық тұрғыда өз ұстанымын қорғай алатыны ұнайды. Меніңше, Ресейдегі форумнан кейін бұл айқын көрінді. Менің «сүйікті» құрбым Маргарита Симонян оны (Тоқаевты) қабырғаға тірегісі келіп еді, ал ол «жоқ, жігіттер, қыздар, менің әңгімем бөлек» деп тіке айтыт. Адамдардың маған тәуелсіздігін сақтап, ұстанымын қорғап, ешкіммен жанжалдаспайтыны ұнайды. Бұл үлкен даналық», - дейді Собчак.


Сұхбат барысында Динара Сәтжан Ксения Собчактан «егер сіз Қазақстанда тұрсаңыз, кімге тұрмысқа шығар едіңіз?» деп те сұрайды. Собчак саспастан «Назарбаевтың қандай да бір туысына шығар едім» деп жауап береді.

«Сіздерде қазір бәрі өзгеріп жатқан шығар, бірақ бұрын кештер өткізгенде үлкен бриллианттар көрсек, немере інісі немесе бауыры, болмаса бұрынғы күйеубаласы (Назарбаевтың) екенін білетінбіз», - дейді Собчак.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →