Үй құстарын вакцинациялау үшін 18 644 доза вакцина бөлінді
Бастапқыда мамандар Қаракөлде аққулардың қырылуына қатты аяз себеп болуы мүмкін екенін айтқан. Оларың пайымдауынша, Қаракөлде өлі табылған аққулардың барлығы әлі бір жыл болмаған жас, сондықтан қатты аязға шыдамаған болуы мүмкін деген.
Кейін сынама алынып, Ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталыққа жіберілді. 21 желтоқсанда өлген құстардан құс тұмауына алынған патологиялық материалдары оң нәтиже көрсетті.
Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті шұғыл шараларды жүргізу және үй құстарының арасында инфекцияның таралуына жол бермеу үшін республикалық қордан қауіп төнген аймақтардағы барлық үй құстарын вакцинациялау үшін 18 644 доза вакцина бөлді.