×

Қазақстанда жыл басынан бері азық-түлік 22,3% қымбаттаған

Жыл басынан бері ӘМАТ бағасының ең көп өсуі Ұлытау облысында (31,4%) және Астана қаласында (25%) байқалды

Қазақстанда жыл басынан бері азық-түлік 22,3% қымбаттаған
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік 22,3% қымбаттаған. Премьер-министр Әлихан Смайылов жаңа жыл қарсаңында бағаны ұстап тұруды тапсырды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Сенбі, 24 желтоқсанда, Үкіметтің цифрлық кеңсесінде ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тежеу мәселелері бойынша кеңес өткізді.

 

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шакқалиевтің мәліметінше, жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік 22,3%, аптаның қорытындысы бойынша 0,2% өскен. Атап айтқанда, пияз бағасы 1,7%, қырыққабат – 0,9%, күріш – 0,8%, сүзбе – 0,7%, жұмыртқа мен сүт – 0,5% қымбаттады.

 

Жыл басынан бері ӘМАТ бағасының ең көп өсуі Ұлытау облысында (31,4%) және Астана қаласында (25%) байқалды.

Қазіргі уақытта баға қалыптасуының бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларға қарсы күрес жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысы жүйеленіп, олардың құрамы күшейтілді. "4-5 буындық" делдалдардың қызметіне байланысты бөлшек сауда өнімдерінің бағасы іс жүзінде 60% өседі. Осы орайда өңірлік комиссиялардың жұмысы көтерме жеткізілім, логистика және қойма тізбектерінің схемаларын талдауға, сондай-ақ ден қою шараларын қабылдауға бағытталған.

Рұқсат етілген сауда үстемесін (15%) бақылау бөлігінде "үйлердің жанындағы" дүкендермен жұмыс күшейтілді және нарықтың ашықтығын қамтамасыз ету үшін республика аумағында тауарларды қадағалау жүйесі жетілдіріліп жатыр.

Әлихан Смайылов бағаны ұстап тұрудың тиімділігін арттыру үшін негізгі мемлекеттік тетіктердің жұмысы қайта форматталғанын атап өтті. Атап айтқанда, "айналым схемасы" бойынша тәсілдер қайта қаралды: енді қаржыландыру негізінен сауда желілерін емес, өндірушілерді қолдауға бағытталады. Бұдан басқа, делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысы қайта құрылып, күшейтілді, өндірушілердің құқықтарына нұқсан келтірмейтін шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларын бекіту жөніндегі қағидалар бизнеспен келісілді.

Премьер-министр жаңа жыл қарсаңында жағдайды тұрақтандыру үшін бағаны ұстап тұрудың жаңа тәсілдерін толыққанды іске асыруды, сонымен бірге бір ай мерзімінде қосымша заманауи көкөніс қоймаларын салу мәселелерін пысықтауды тапсырды.

"Инфляцияның жоғары қарқыны экономиканың үдемелі дамуына мүмкіндік бермейді және азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатына әсер етеді. Осыған байланысты келесі жылы оны 2 есеге төмендету бойынша жұмыс – ұлттық қауіпсіздік мәселесі болып отыр. Бұл жұмыста формалдылық болмауға тиіс", - деді Әлихан Смайылов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады
Кеше, 09:37

Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады

Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды
Байжанов Бишімбаевтың жанында тұрып, телефонның ар жағындағы әңгімені естігенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →