×

Маңғыстауда аққулар құс тұмауынан қырылып қалған

Үй құстарын вакцинациялау үшін 18 644 доза вакцина бөлінді

Маңғыстауда аққулар құс тұмауынан қырылып қалған
фото: ашық дереккөзден

Маңғыстау облысы Қаракөл көлінде аққулардың жаппай қырылуына құс тұмауы себеп болған, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бастапқыда мамандар Қаракөлде аққулардың қырылуына қатты аяз себеп болуы мүмкін екенін айтқан. Оларың пайымдауынша, Қаракөлде өлі табылған аққулардың барлығы әлі бір жыл болмаған жас, сондықтан қатты аязға шыдамаған болуы мүмкін деген.

Кейін сынама алынып, Ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталыққа жіберілді. 21 желтоқсанда өлген құстардан құс тұмауына алынған патологиялық материалдары оң нәтиже көрсетті.

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті шұғыл шараларды жүргізу және үй құстарының арасында инфекцияның таралуына жол бермеу үшін  республикалық қордан қауіп төнген аймақтардағы барлық үй  құстарын вакцинациялау үшін 18 644 доза вакцина бөлді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Үшарал әуежайы мен Ақши ауылының арасына арнайы бағыттағы автобус жүре бастайды
Кеше, 19:48

Үшарал әуежайы мен Ақши ауылының арасына арнайы бағыттағы автобус жүре бастайды

Үшарал әуежайы мен Ақши ауылы арасында автобус маршруты ашылады
Базарларды жаңғырту барысы бағытында Сауда министрлігі артта қалған өңірлерді атады
Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық  домбыра күнімен құттықтады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →