×

"8 сағаттан артық көлік жүргізуге болмайды": inDrive және Яндекс такси жүргізушілеріне қойылатын талап күшейтілуі мүмкін

Бұл туралы көлік министрлігі комитетінің басшысы Әли Алтай хабарлады

"8 сағаттан артық көлік жүргізуге болмайды": inDrive және Яндекс такси жүргізушілеріне қойылатын талап күшейтілуі мүмкін
taxi.kz

ҚР Көлік министрлігі қалалар арасында жолаушылар тасымалымен айналысатын inDrive және Яндекс жүргізушілеріне қойылатын талаптарды күшейтпек,  деп хабарлайды  Qaz365.kz

Көлік министрлігі комитетінің басшысы Әли Алтай inDrive және Яндекс қосымшаларының пайда болуы жолаушылар тасымалы саласына үлкен даму алып келгенін айтты.

Комитет басшысының айтуынша, қазір осы қосымшалар арқылы жолаушы тасымалымен айналысатын жүргізушілерге жылдамдықты және аталған жүргізушілердің жұмыс және демалыс режимін сақтамағаны үшін жауапкершілікті қарастыратын түзетулер пакеті дайындалуда.

“Жүргізушілер 8 сағаттан артық көлік жүргізбеуі керек, өйткені олар қырағылығын жоғалтады. Бізде жол-көлік оқиғаларының 35 пайызы дәл осындай жағдайларға байланысты. Біз жол картасын қабылдаймыз, ол жерде заңсыз тасымалдаушылармен күресетін пункттер бар. Соның ішінде InDrive және Yandex бағдарламалық қосымшалары да бар. Бұл жұмысты Ішкі істер министрлігімен бірлесіп жүргізетін боламыз", – деді көлік комитетінің басшысы.

Жаңа жоба мынадай тәртіппен жұмыс істейді: Ішкі істер министрлігі көліктің орташа жылдамдығын бақылайды. Мәселен, ереже сақталса, Қарағандыдан Астанаға бір сағатта жету мүмкін емес. Сондай-ақ ішкі істер министрлігі такси жүргізушілерінің заңсыз жиналатын орындарын және жүргізушінің қанша сағат көлік жүргізгенін бақылап отырады. Егер жүргізуші рульде 8 сағаттан артық отырса, оған айыппұл салынады.

Сонымен қатар, көлік министрлігі Қазақстанның аймақтары арасында тасымалдайтын жолаушылар автобустарын жаңартуды жоспарлап отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты
Бүгін, 14:57

Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты

Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандығын шектеу жазасын жеңілдетуге тырысып жатыр
FlyArystan әуе компаниясы қол жүгі 5 келіден асса не істеу керектігін түсіндірді
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы тауларындағы құрылыстар жөнінде депутаттардың сауалына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →