×

Орал қаласының әуежайы жөндеуге жабылады

Бұл туралы әуежай баспасөз қызметі хабарлады

Орал қаласының әуежайы жөндеуге жабылады
sknews.kz

Мәншүк Мәметова атындағы Орал қаласының халықаралық әуежайы бірнеше күнге жөндеуге жабылады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі әуежай баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Компания баспасөз қызметінің айтуынша, әуежайда ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұшу жолағының бір бөлігіне ағымдағы жөндеу жүргізіледі.

“Жөндеу уақытында, яғни 8 қазан күні сағат 02.00-ден 10 қазан сағат 05.00-ге дейінгі аралықта, сондай-ақ 12 қазанда 01.30-дан 17.00-ге дейін (резервтік күн) әуежайды жабу жоспарланған. Сол күндері ұшақтар қабылданбайды және ұшырылмайды. Бұл – әуе кемелерін пайдалану және жолаушыларға қызмет көрсету қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мәжбүрлі шара. Жоспарланған жөндеу мерзімі сол кездегі қолайлы ауа райын, сондай-ақ әуежайда ұшатын ұшақтар санының азаюын ескере отырып таңдалып, Оралға рейстерді орындайтын әуе компанияларымен келісілді.

Жолаушылардан жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарап, сапарларын алдын ала жоспарлауды өтінеміз”, – дейді мәлімдемеде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бишімбаев өз-өзіне екі рет қол салмақ болғанын мәлімдеді
Кеше, 18:20

Бишімбаев өз-өзіне екі рет қол салмақ болғанын мәлімдеді

Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады
Соттағы сөзін Әлмира Нұрлыбекова кешірім сұраумен бастады
Судья Айжан Құлбаева Ғазымжановқа тиісті түрде әрекет етуге мәжбүр болатынын айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →