×

Ақтөбе облысының салық органдары кәсіпкерлердің шоттарын заңсыз бұғаттаған

Бұл туралы Ақтөбе облысының прокуратурасы хабарлады

Ақтөбе облысының салық органдары кәсіпкерлердің шоттарын заңсыз бұғаттаған
Фото ашық дереккөзден

Ақтөбе облысының прокуратурасы талдау нәтижеcі бойынша Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдарымен ағымдағы жылы камералдық бақылау нәтижелері бойынша 20 кәсіпкерлік субъектісіне хабарламалар қойып, олар шоттарын бұғаттауға әкеп соққанын анықтады, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

“Тиісінше олар кәсіпкерлердің қызметіне кері әсерін тигізді. Қойылған хабарламалардың заңдылығын зерделеумен прокуратура оларды негізсіз деп танып, қадағалау актісін енгізді.

Нәтижесінде салық органының шешімдері жойылып, кінәлі тұлғалар жауаптылыққа тартылды, ал кәсіпкерлер өз қызметіне қайта кірісті.

Осылайша, прокуратура кәсіпкерлер алдындағы кедергілерді жойды”, – дейді мәлімдемеде.

Салық органының басқа да актілерінің заңдылығын тексеру жалғасуда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қостанайда сериялық ұрлыққа қатысты сот шешімі шықты
Кеше, 15:13

Қостанайда сериялық ұрлыққа қатысты сот шешімі шықты

Сериялық ұрының әрекетінен 13 қалатұрғыны зардап шеккен
Пилоттық жоба сәтті жүзеге асса, бұл тәжірибе басқа өңірлерге де енгізілуі мүмкін
Олар Балиде есірткімен байланысты қылмыс жасады деген күдікке ілінген
90 күннен ерте емес және 72 сағаттан кеш емес уақытта өтінім берілуі шарт

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →