×

“Білім алудың да үкімі - парыз”: Бас мүфти мектептегі орамал мәселесі туралы айтты

Оқу жылының басында орамал таққан оқушылар ата-анасының шағымы көбейген

“Білім алудың да үкімі - парыз”: Бас мүфти мектептегі орамал мәселесі туралы айтты
muftyat.kz

Журналистің “орамал дауы” туралы сұрағына "Елдің игілігі үшін жасалған әрбір тәртіпке бағынуымыз қажет" деп жауап берді Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының басшысы Наурызбай қажы Тағанұлы, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Азаттық радиосына сілтеме жасап.

"Біз насихат айтатын орынбыз. Бұл — қоғамдық бірлестік. Сіз менің құзырыма жатпайтын сұрақтарды қойып жатсыз. Орамалға қатысты біз өз насихатымызды айттық, мәлімдеме жасадық. Біз — кез келген заңға бағынушы момын мұсылмандармыз. Елдің игілігі үшін жасалған әрбір тәртіпке бағынуымыз қажет”, –  деді  Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының басшысы Наурызбай қажы Тағанұлы.

Оқу жылының басында орамал таққан оқушылар ата-анасының шағымы көбейген тұста Қазақтан мұсылмандары діни басқармасы "Иманды, білімді ұрпақ тәрбиелеу – әрбір ата-ананың басты мақсаты. Шариғат бойынша балиғат жасына толған мұсылман қызға орамал тағу – парыз. Сол секілді білім алудың да үкімі – парыз" деп мәлімдеме жасады. 

ҚМДБ бұл мәселеге қатысты "мемлекеттік мекемелерге тиісті ұсыныстар бергенін" хабарлады. Бірақ нақты не ұсынғанын ашып айтпаған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Кеше, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →