×

2023 жыл ТМД-да орыс тілі жылы болып жарияланбақ

Санкт-Петербург қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуі өтті

2023 жыл ТМД-да орыс тілі жылы болып жарияланбақ
фото: ашық дереккөзден

Санкт-Петербург қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуі өтті, деп хабарлайды qaz365.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. 

Оған Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары жиылды.

Путин ТМД елдерін орыс тілі біріктіретінін және оның келесі жылы оның рөлі арта түсетінін жеткізді.

"Біздің халықтарымызды көп нәрсе байланыстырады: ортақ тарих, рухани тамырлар, өзара терең араласқан мәдениеттер мен дәстүрлер, құндылықтар мен салт-сана және әрине, орыс тілі. Орыс тілі көпұлтты мемлекеттерімізді өзара тығыз біріктіретін қуатты күшке айналды. Тағы естеріңізге сала кетейін, 2023 жылы ТМД елдері Орыс тілі жылын өткізуге шешім қабылдады. Орыс тілінің аймақтағы халықаралық қатынас тілі мәртебесін қолдауға, сақтауға және нығайтуға, жан-жақты насихаттауға бағытталған іс-шаралардың кең ауқымды бағдарламасы әзірленді. Бұл іс-шараларды өткізу ТМД мемлекеттерін рухани және мәдени байытуға септеседі", – деді Путин

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстандықтар қазан айында неше күн демалады
Бүгін, 08:54

Қазақстандықтар қазан айында неше күн демалады

Қазан айында бес күндік жұмыс аптасында істейтін қазақстандықтар тоғыз күн демалады
Мирас сол күні оларға барғысы келмей, сағат 21:06-да өзін мазаламауды сұрап хабарлама жіберген. Ол арғы күні отбасы атасының ас өткізетінін еске салған
Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов 2029 жылға дейін жалпы құны шамамен 7 трлн теңгелік 46 инвестициялық жобаның іске асырылып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылатынын айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →