×

«30 жыл бойы алдап келді»: Депутат Базарбек әр статистиканың артында үлкен өтірік тұратынын айтты

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек бюджет кодексі жобасында қандай мәселелер ескерілуі керектігін айтып берді

«30 жыл бойы алдап келді»: Депутат Базарбек  әр статистиканың артында үлкен өтірік тұратынын айтты
azh.kz

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек бюджет кодексі жобасында қандай мәселелер ескерілуі керектігін айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Вице-министр (Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин) бюджет бойынша мақсатты көрсеткіш мен түпкі нәтиже арасындағы айырмашылық заңбүзушылық екенін айтады. Мен онымен келіспеймін. Себебі бізде заң бойынша, бюджет қаражатын бюджет қаражатын дұрыс пайдаланбау деген бар. Заң бойынша, 300 млрд теңгені бір мақсатқа салса, ал әкім 100 млрд теңге алса, ол қалған соманы қайдан алады? Яғни ол заңбұзушылық емес екен. Ақша жоқ болса, мақсатты 300 млрд теңгені қайдан аласыздар деймін. Егер мен дүкенге барсам, қалтамда қанша ақша бар, соған есептеп барам. Дұрыс па? Ал егер онда менде сол ақша қалтамда жоқ болса, мен дүкенге несіне барам? Ол болса, бұл мақсатты көрсеткіш дейді. Осындай, мақсатты көрсеткішпен біз 30 жыл бойы адамдарды алдап келдік», - дейді депутат Мәжіліс кулуарында журналистерге.


Оның айтуынша, интернет жағынан Жапониядан мықтымыз, жолымыз керемет деп мақтануға болмайтынын ескертті.


«Бізде әр статистиканың артында үлкен өтірік тұрады. Сол себепті ескі тәжірибеден, өтірік статистикадан бас тартуымыз керек. Нақты әрі анық статистикаға сүйенуіміз керек», - дейді ол.


Сонымен қатар, Бақытжан Базарбек заңсыз шығарылған активтерді қайтарғаннан кейін оны арнайы мемлекеттік шотқа аударудың қажеті жоқтығын, қаражатты Ұлттық қорға салуға болатынын айтады. Депутат арнайы қордан қаражат ұрланып кетуі қаупі барып айтады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →