×

Израильден 166 азамат елге оралды

Әуе рейсі Алматыға жергілікті уақыт бойынша шамамен 23.45-те келді

Израильден 166 азамат елге оралды
Qaz365.kz

Air Astana ұшағы Израильдегі қазақстандық азаматтарды елге алып келді, деп хабарлайды Qaz365.kz
Әуе рейсі Алматыға жергілікті уақыт бойынша шамамен 23.45-те келді. Ұшақта қанша адам болғаны туралыAir Astana әуе компаниясының маркетинг және сату жөніндегі вице- президенті Адель Дәулетбек айтып берді. 

«Бүгін Air Astana компаниясы Тель-Авивтан Алматыға эвуакациялау жұмысын жүргізді.біз 166 жолаушыны елге жеткіздік. Олардың көбісі қазақстандық азаматтар. Өздеріңіз білесіздер, Израильде жағдай аяқ астынан күрт нашарлады. Сондықтан Air Astana сапарларды тоқтатқан болатын. Бүгін ғана біздің компания эвуакциялық рейс ұшыруға мүмкіндік алды. Басшылық Израильден ел азаматтарын қайтаруға бар күштерін салды. Қиын кезеңде отандастарымыздың елге аман-есен оралғанына қуаныштымыз», - деді Адель Дәулетбек. 

Айта кетейік, палестиналық ХАМАС тобы сенбі күні Израильге шабуыл жасады. Салдарынан Израиль соғыс жағдайына енгені хабарланды. Қазіргі кезде бірқатар мемлекет Израильден азаматтарын эвакуациялауды ұйымдастырып жатыр. 
Кеше ХАМАС Тель-Авивтегі әуежайға зымыран ұшырғаны белгілі болды. Сондай-ақ Израиль қорғаныс министрі Йоав Галлант Газаның толық оқшауланғанын айтты.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Рамазанова сотта Қуандық Бишімбаевтың құқығы шектелгенін айтты
Адвокат Игорь Вранчев жарыссөзде алқабилерге жүгінді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →