×

Израильде Қазақстанның бірде-бір азаматы қалған жоқ - Әуекомпания  өкілі жағдайдың күрделі екенін айтты

Бұл біз үшін қиын қадам болды. Сонда да тапсырманы абыроймен орындап қайттық

Израильде Қазақстанның бірде-бір азаматы қалған жоқ - Әуекомпания  өкілі жағдайдың күрделі екенін айтты
Qaz365.kz

Бірер сәт бұрын ғана соғыс жағдайындағы Израиль астанасы Тель-Авивтен Алматыға Air Astana ұшағы келіп қонды. Air Astana әуе компаниясының ресми өкілі Адель Дәулетбеков БАҚ өкілдеріне жолаушылардың қалай жеткізілгенін айтып берді.

«Қазір рейсте қанша бала барын айту қиын. Жолаушылардың ішінде екі жасқа дейінгі екі бала барын білемін. Борттағы жолаушылардың басым бөлігі – Қазақстан азаматтары. Сонымен бірге басқа елдердің азаматтары да бар. Олар – Қазақстан азаматтарының туыстары. Бірі жұбайы, бірі баласы. Тель-Авив әуежайында Қазақстанның бірде-бір азаматы қалған жоқ. Бәрін алып кеттік», - деді ол.

«Алдағы уақытта тағы да «Израильге рейс жіберу жоспарда бар ма?» деген сұраққа Дәулетбеков «бұл жолғы рейстің эвакуациялық рейс болғанын, жағдай расында да күрделі болғанын» айтады.

«Өте алаңдайтындай жағдай болды. Бұл елге өздеріңіз білетіндей көп мемлекет рейсті мүлде алып тастаған. Ол жаққа баратын азаматтық рейстер мүлде қалмаған да. Сол себепті бұл біз үшін қиын қадам болды. Сонда да тапсырманы орындағанымызға қуаныштымыз», - дейді ол.

Компания өкілінің айтуынша, жексенбі күні рейстердің бәрін тоқтатудың өткір себебі болған. 

«Біз азаматтық компаниямыз. Біздің қауіпсіздік жөніндегі шараларымыз Израиль қауіпсіздік қызметінің барлық талаптарына сай болды. Біз сол елдегі жағдайды өте мұқият бақыладық. Жағдай сенбіден бастап қиындай түсті. Сенбіден жексенбіге қараған түні жағдай бірден ушықты. Сол себепті біз жексенбі таңертеңгі рейстердің бәрін орындаудан бас тарттық. Жағдай аздап тынышталғаннан кейін бірден эвакуациялық рейс жіберу жөнінде шешім қабылдадық», - дейді Дәулетбеков.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Рамазанова сотта Қуандық Бишімбаевтың құқығы шектелгенін айтты
Адвокат Игорь Вранчев жарыссөзде алқабилерге жүгінді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →