×

Қазақстанда вейп тартуға тыйым салына ма?

Бұл сұраққа денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жауап берді

Қазақстанда вейп тартуға тыйым салына ма?
Фото ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтуынша, елімізде вейпке тыйым салу мәселесі бойынша заң жобаларына жаңа нормалар енгізіліп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Елімізде вейпке тыйым салу мәселесі бойынша заң жобаларына жаңа нормалар енгізіліп жатыр. Ол Үкімет отырысында қаралды. Денсаулық сақтау саласы аталған нормаларды қолдайды. Қазір біз вейп қолдануға толық тыйым сала алмаймыз. Мәселе құзыретті органдармен қаралып жатыр. Жақын арада олар өз қорытындыларын береді, сол кезде таныстырамыз», - деді Ажар Ғиният Мәжіліс отырысында.

Ал Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов вейп мәселесін тездетіп шешу керегін айтты:

Бұл мәселе бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасы бар. Депутаттар да бірнеше рет көтерді, бірақ әлі нақты шешім жоқ. Сондықтан, Тамара Қасымқызы, нақты шешім қабылдайтын кез келді. Бізде біртұтас ұстаным болуы керек, өйткені бұл біздің балаларымыз бен болашақ ұрпағымыздың денсаулығына қауіп төндіреді. Сондықтан бұл мәселені шешуді жеделдету қажет.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қостанайда сериялық ұрлыққа қатысты сот шешімі шықты
30.06.2025ж. 15:13

Қостанайда сериялық ұрлыққа қатысты сот шешімі шықты

Сериялық ұрының әрекетінен 13 қалатұрғыны зардап шеккен
Пилоттық жоба сәтті жүзеге асса, бұл тәжірибе басқа өңірлерге де енгізілуі мүмкін
Олар Балиде есірткімен байланысты қылмыс жасады деген күдікке ілінген
90 күннен ерте емес және 72 сағаттан кеш емес уақытта өтінім берілуі шарт

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →