×

Қазақстанда бесінші әуе компаниясы ашылады

Көлік министрі Марат Қарабаев компания қай елден келуі мүмкін екенін айтты

Қазақстанда бесінші әуе компаниясы ашылады
Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда бесінші әуе компаниясы ашылады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Көлік министрі Марат Қарабаев компания қай елден келуі мүмкін екенін айтты.

«Шетелдің әуе компаниясын тартамыз деген ой бар. Біз бірнеше әуе компаниясына ұсындық. Оның ішінде соңғы барғанда Вьетнамда SOVICO  деген компания болды. Сол компаниямен көбірек жұмыс істеп жатырмыз. Менің ойымдағы шетелдегі басқа компанияларға қарағанда жұмысымыз көбірек болып тұрған – сол SOVICO компаниясы», - дейді ол.


«Олар біздің ішкі нарықта жұмыс істеуге келісіп отыр ма?» деген сұраққа Қарабаев былай жауап берді.


«Олар біздің ішкі нарықты зерттеп жатыр. Олардың өздері VietJet компания бар, елімізде ұшып жүр, оның үстіне өзі лоукостер, ұшақтары өте көп. Сосын тағы да қазір сатып алып жатқан ұшақтары д көп. Сол компанияны тартамыз деген ой бар. Бірақ қазір бұл шешілді деген мәселе емес. Әлі оны алдын ала айтуға ерте шығар. Өздеріңіз білесіздер, VietJet Air –  SOVICO компаниясының құрылтай компаниясы», - дейді министр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Рамазанова сотта Қуандық Бишімбаевтың құқығы шектелгенін айтты
Адвокат Игорь Вранчев жарыссөзде алқабилерге жүгінді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →