×

“Терісі күртеме жабысып қалған”: күйеуінен зардап шеккен әйелді құтқарған жігіт оқиғаның мән-жайын айтты

Бұрынғы әйелін тірідей өртеп жібермек болған

“Терісі күртеме жабысып қалған”: күйеуінен зардап шеккен әйелді құтқарған жігіт оқиғаның мән-жайын айтты
Фото: instagram.com/DinaTansari

21 желтоқсан күні Алматы қаласында бұрынғы күейуінен зардап шеккен қызды аман алып қалған Бауыржан Әуелбеков редакциямызға жағдайды баяндап берді, деп хабарлайды qaz365.kz

Оқиға Алматы қаласының №25 қалалық ауруханасының маңындағы “Жанәділ” дүкенінде орын алды. Дүкен сатушысы Индираның бұрыңғы күйеуі әйелін тірідей жағып жібермек ниетте дүкенге келген. 

“Клиентпен жүргем, жолда ақша майдалайын деп дүкенге кірдім. Дүкеннің ішіне қолында екі канистра мен қара сөмкесі бар ер кісі тапанша тезеп, “Иди отсюда” деп айғайлап, сыртқа шығарып жіберді де өзі  іштен есік-терезені құлыптап жауып алды. Сыртқа шығып, көрші тұрған дәріханаға барып полиция шақыртуын сұрадым. Сол екі арада жарылыс болды. Жарылыстың салдарынан дүкеннің шатыры ұшып, терезесі сынды. Біз де жарылыстың екпінімен арқа ұшып түстік. Уақытты құр жібермейін деп жағдайды пайдаланып, дүкеннің есігін теуіп, ішке кірдім. Ішінен қызды тауып алдым. Қол-аяғы, бет терісі түгел күйіп кеткен. Тіпті терісі курткама жабысып қалды.  Сосын оны сыртқа алып шығып, жанымыздағы ауруханаға жеткіздім, – дейді оқиға куәгері  Әуелбеков Бауыржан

Жәбір көрушінің бұрынғы күйеуі оқиға орнында қайтыс болды. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Кеше, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →