×

Кублей соты: Бақытжан Базарбек мәлімдеме жасады

БҚО-да  «Кублей» ЖШС кәсіпорны мен  Орал қаласының әкімдігінің арасында тағы сот жүріп жатыр

Кублей соты: Бақытжан Базарбек мәлімдеме жасады

БҚО-да  «Кублей» ЖШС кәсіпорны мен  Орал қаласының әкімдігінің арасында тағы сот жүріп жатыр. Сотта адвокат Бауыржан Базарбек қарсы тараптың сотқа жасаған қысымын айтып шағымданды, деп хабарлайды qaz365.kz

«Кублей» ЖШС соңғы сот отырысынан кейін Орал қаласы мамандандырылған экономикалық сотының судьясы Бақтияр Жорабаевтың үстінен шағым түсірген болатын. Сот залында екі тараптар бойынша жарыс сөз болып жатыр. Ақпараттарға сүйенсек зауыт соңғы үш жылда бюджетке 5 миллиард 652 миллион теңге салық төлеп келген. Сот ісі 13 томды құрап отыр.  Оның тоғыз томы тек Кублей тарапынан түскен дәлелдемелік құжаттар.

«Біз 11 рет өткен сот барысында Орал қаласындағы лауазымды тұлғалардың қылмсытық топтың әрекетін әшкереледік. Соның ішінде жалған құжаттарды әзірлеу, қызмет бабын асыра пайдалану, мемлекеттің бюджетін талан-таражға салу. Дәл осы баптарды негізге ала отырып, оларды түгел тергеуге болады. Ендігі шығатын соттың шешімі  «Кубей» зауытының барлық талап-арызын толығымен қанағаттандыру керек. Сосын құрылыс компаниясының иесі  2,3 және 4-ші үйлерден пәтер сатып алған азаматтардың ақшасын қайтарып беруі тиіс немесе басқа жерден пәтер беруі қажет.

Біз заңның негізіне сүйенеміз. Себебі «Кублей» зауыты бұрыннан бар және оның санитарлық аумағы анықталған әрі бекітілген.  Құжаттары бар. Ал мына үйлер 2020 жылы пайда болды.  Бірақ сотқа келіп байбалам салып жүрген адамдар заң бойынша пәтерлердің иесі емес. Меншік құқығы азаматтық кодексте жылжымайтын мүлік заңды тіркеуге алынған соң барып беріледі.  Ал мемелкеттік тіркеуге алынуы үшін кешенге мемлектке акті беріледі. Құрылыс компаниясы мен тұрғындардың келісімі азаматтық кодекс шарт болып есептелмейді.  Өкінішке қарай,  бір сотта байбалам салып, шу шығарып, тіпті біздің жеке басымызды қорлап, қарап-сілеп, жылаған-құлаған эмоцияларын көрсетеді. Бұл сотқа екінші тараптың қолдан жасап отырған қысымы.   Сондай-ақ, «Кублей» зауытына және оның заңгерлері мен басшыларына жасалған психологиялық қысым. Сөйтіп мына істі өз пайдаларына шешкізгісі келеді. Бірақ, айғақтың бәрі біздің қолымызда», дейді заңгер Бақытжан Базарбек.

Дереккөз: matritca.kz

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады
Бүгін, 09:37

Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады

Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды
Байжанов Бишімбаевтың жанында тұрып, телефонның ар жағындағы әңгімені естігенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →